• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Шілде, 2022

Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

315 рет
көрсетілді

2 шілде күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, сенбіде атмосфералық ауа сапасы тек Алматы мен Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге қалаларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.