Биылғы күздің соңына дейін 30 мың шақырымнан астам жолға арнайы жол белгілері орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
«Бүгінде 9 781 жол белгілері мен 397 дана ақпараттық панно және 23 118 белгі бағанасы мен 26 766 дана катафоттарды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ жоспар шеңберінде 2 733 шаршы метр шулы жолақтар мен 27 064 метр қоршау орнату жұмыстары да іске асырылуда», делінген хабарламада.