• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Шілде, 2022

Павлодарда жеке үй аумағынан екі адамның мәйіті табылды

148 рет
көрсетілді

Павлодар облысында жеке үй аумағынан зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға 3 шілдеде сағат 02.10-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында Мир көшесінде болған.

«Жеке үйдің ауласынан 46 жастағы үй иесі мен онымен бірге тұратын 48 жастағы ер адамның пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды. Марқұмның кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен жоқ, өйткені ол үйдегі бөлмелердің бірінде тығылып қалған», делінген ПД хабарламасында.

Аталған қылмысқа күдікті ретінде 22 жастағы ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі, екі және одан да көп адамды өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталады.

«Аталған қылмысты тергеумен Павлодар облысы ПД Тергеу басқармасы айналысады. Іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды», деп хабарлады ПД өкілдері.