АСТАНА. 28 сәуір. Бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалары тақырыбындағы дәрісі барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық интеграция күнін жариялауды ұсынды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады.
«Астанада Еуразиялық экономикалық одақты құру бойынша келісімге қол қою күнін Еуразиялық интеграция күні деп жариялауды ұсынамын. Біздің жоспарымыз бойынша бұл қол қою рәсімі биылғы жылғы мамырдың аяғында өтуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Елбасы ХХІ ғасыр гүлденген ұлы Еуразияның жүз жылдығы болатынына сенім артты.
«Біздің мемлекеттер барлық осы оқиғалардың орталығы болады», - деп түйіндеді Елбасы.
Мұрат Айтқожа.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: www.msunews.ru.