• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2014

Елбасы «Назарбаев Университетімен» ынтымақтастық жайын сөз етті

343 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 сәуір. Бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі дәрісі барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ММУ профессорларының «Назарбаев университетімен» ынтымақтаса жұмыс істейтініне сенім білдірді.Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы онда еуразиялық ықпалдастық тақырыбында дәріс оқыған болатын. Сөз арасында Елбасы Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жаңа университет ашылғанын, еліміздің барлық өңірлерінде зияткерлік мектептері жұмыс істеп жатқанын жеткізді. «Мен осы жылдар ішінде қандай да бір нысанға өз атымды беруге рұқсат бермеген едім. Бірақ мұнда мәселе білім туралы болып отыр, сондықтан да Үкіметтің де, басқаның да назарын аударуға, менің атымның білімді дамытуға жәрдемі болса, оған неге келіспеске? Осы оқу орны «Назарбаев университеті» деп аталады», - деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар Елбасы университет туралы айта келе, оның ерекше мәртебесіне тоқталып, осы оқу орны үшін ерекше заң қабылданғанын атап өтті. Мұндағы профессорлардың 70 пайызы әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінен шақырылған, сабақтар толығымен ағылшын тілінде өтеді, әлемнің түрлі орталықтарындағы тәрізді зертханалар ашылған. «Назарбаев университеті» Мәскеу мемлекеттік университетімен ынтымақтасуға дайын. Біз ММУ профессорлары бізде жұмыс істеуге қызығушылық танытады деп сенеміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сәкен Майлыбай. Дереккөз: ҚазАқпарат. Фото: www.matritca.kz.