• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Шілде, 2022

Головкин мен Канело жекпе-жегіне болжам жасалды

194 рет
көрсетілді

WBO International нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы экс-чемпион Магомед Курбанов (22-0, 13 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (57 -2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Менің ойымша, Канело жеңіске жетеді. Бірақ оның бұл жекпе-жекке қандай дайындықпен келетіндігін байқау керек. Егер Сауль Дмитрий Биволмен болған жекпе-жектен кейін қорытынды шығармаса және сол қалпында көрінсе, Головкин тізгінді қолға алуы мүмкін», деді ол өз болжамында.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың қыркүйегінде Головкин мен «Канело» кездесуі тең аяқталды. Бір жылдан кейін, яғни 2018 жылдың қыркүйегінде олар қайта жұдырықтасып, төрешілер жеңісті Сауль «Канело» Альвареске берді.