Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет кулуарында Қазақстан «Жібек жолы» кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұзуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Егер кеме Қазақстанда және халықаралық деңгейде қабылданған құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін қызметпен айналысса, әрине, ондай шарт бұзылып, кеме кері қайтарып алынады», деді Өскенбаев.
Еске сала кетейік, Түркиядағы Украина елшісі Василий Боднар қазақстандық «Жібек жолы» кемесімен тасымалданған астық жөнінде жергілікті билікке жүгінгені хабарланған болатын.