АҚТАУ. 28 сәуір. Маңғыстау қаржы полициясының қызметкерлері «Маңғыстау облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК жоғары мамандандырылған медициналық көмекті енгізу және квоталандыру бөлімінің бастығын пара алу үстінде қолға түсірді. Бұл туралы облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметінің дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған бөлімнің бастығы Ғалия Қалиева Астана қаласындағы ұлттық ғылыми медицина орталығына жедел арада жіберуге квота беру үшін 300 АҚШ долларын алу кезінде өзінің қызмет бөлмесінде қолма-қол ұсталды.
Үстіміздегі жылдың 11 сәуірінде алаяқтық қылмыс жасады деген күдікпен Ғ.Қалиеваға қатысты қылмыстық іс қозғалды және одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір қылмыстық іс тергелуде.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: www.pandaland.kz.