• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Шілде, 2022

Астанада 3 жасар бала 13-қабаттан құлады

395 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға кезінде баланың анасы үйде болған, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«5 шілде күні кешкі сағат 21:57-де көпқабатты тұрғын үйдің 13-қабатынан 3 жасар қыз дүкеннің күнқағарына құлап кеткен. Алған жарақаттан сәби оқиға орнында мерт болды. Оқыс оқиға кезінде баланың анасы үйде болған», делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

«Жазатайым оқиғалардың дені ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауымен байланысты. Бала ересектердің назарынан тыс қалып, терезе ашық қалған жағдайда құлау қаупі жоғары», дейді ведомстводан.