• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Шілде, 2022

Теңіз кен орнында зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі

330 рет
көрсетілді

Теңіз кен орнындағы жарылыстан зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Теңіз» кен орнында болған апатты жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жиынға әкімдікке қарасты басқармалардың басшылары, «Теңізшевройл» ЖШС-нің, облыстық төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінің өкілдері қатысты.

Облыс әкімі жарылыстан қаза тапқан жұмысшылардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті материалдық көмек көрсетілетінін мәлім етті.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жарақат алған жұмысшыларға медициналық көмек көрсетуді тапсырдым. Апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында облыстық деңгейде арнайы комиссия құрылып, заң аясында тексеру жұмыстарын жүргізеді», деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Еске сала кетсек, бүгін, 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 9:55 шамасында Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар