• RUB:
    4.91
  • USD:
    443.03
  • EUR:
    480.38
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Шілде, 2022

Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

184 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбритания ашық чемпионатының 17-ракеткасы атанған қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 44-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен кездесті.

Бірінші партияда отандасымыздан озып кеткен аустралиялық теннисші сол басымдылығын сақтай алды - 6:4.

Екінші сетте Елена Рыбакина есе қайырды - 6:2.

Үшінші, шешуші партияда да қазақстандық спортшы қарсыласына дес бермеді - 6:3.

Екі сағатқа жуық созылған матчта Е.Рыбакина 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды.

Осылайша, Е.Рыбакина қазақстандық теннисшілер арасынан алғаш рет Уимблдон турнирінің жартылай финалына өтт. Ол финалға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының екі мәрте жеңімпазы, румыниялық Симона Халеппен таласады.