• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Шілде, 2022

Қалтасынан есірткі табылған бойжеткен 3 жылға сотталды

239 рет
көрсетілді

Петропавлдың 22 жастағы әйел тұрғыны есірткіні заңсыз сақтағаны үшін сотталды.

Өткен жылдың қараша айындағы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұсталған оның бойынан темекі шегуге арналған құралдар мен көк түсті кристалл тәріздес зат салынған екі полимерлік түйіншекті тәркіленген.

Сараптама нәтижесінде аталған зат «альфа-PvP» есірткісі, басқаша айтқанда белгілі «тұз» есірткісі болып шықты. Алынған заттың салмағы 2,9 грамм болған, бұл аса ірі көлемге жатады.

Қазіргі уақытта қыз Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Жалпы 6 айда СҚО-да 109 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 40-ы сату фактісі. Заңсыз айналымнан 267 түрлі есірткі заты алынды, оның ішінде 1,4 килограмнан астам синтетикалық есірткі алынған.

 

ПЕТРОПАВЛ