• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Шілде, 2022

Әлемде аштықтан жапа шеккендер көбейді – БҰҰ

230 рет
көрсетілді

Адамзат 2030 жылға қарай аштықтан құтыламыз деген мақсатынан алшақтап барады. БҰҰ сарапшылары осындай қорытынды жасады. Себебі былтыр әлемде 830 миллионға жуық адам азықпен жеткілікті қамтылмаған, бұл - жер шарындағы халықтың 10 пайызы, деп хабарлайды Egemen.kz Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

2020 жылмен салыстырғанда аштыққа ұшырағандар саны 46 миллионға артты. Жалпы, пандемия басталғаннан бері азық-түлік жетіспеушілігінен зардап шеккендер саны 150 миллионға өскен.

«Біз кедейшіліктің шегіне жетіп қалғанын көріп отырмыз, онымен күресу үшін ондаған жылдар бойы жүргізілген күш-жігер босқа кетті. Әлемде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ұлғайып барады. Ерекше алаңдаушылық тудыратын жайт - адамдардың қалыпты тамақтануға мүмкіндігінің жоқтығы», деді Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бас экономисі Максимо Тореро.

Азық-түліктің жетіспеушілігі Азия, Африка, Латын Америкасы және Кариб бассейнінде байқалды. Қазір әлемде жағдай күрт нашарлады. Егер өзгеріс болмаса, 2030 жылы 670 миллион адам аштыққа ұшырайды, бұл - шамамен 2015 жылғы көрсеткішпен тең.