Шымкентте 900-ден астам адамды алдаған қаржы пирамидасы анықталды. Алаяқтық схемасы «Капитал» инвестициялық платформа ретінде жасырын жұмыс жасаған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан 20 мыңнан 500 мың теңгеге дейін қаражат алып, 3-5 күн ішінде 30-50 пайызға арттырырып беруге уәде еткен.
«Жаңа қатысушыларды тарту үшін психологиялық әсер ету тәсілдері қолданылған. Атап айтқанда, «жылдам табыс» туралы уәделер мен уақытпен шектелген ұсыныстар тек ауызша жүргізілген», делінген агенттік хабарламасында.
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Алаяқтар салымшыларға төлемдерді жаңа қатысушылардан есебінен беріп отырған. Қаржы пирамидасына 900-ден астам азамат тартылып, жалпы салынған қаражат көлемі 700 млн теңгеден асқан. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған колледж басшысы туралы жазған едік.