• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2014

Өндіріс өрісі

433 рет
көрсетілді

Инновациялық гранттың көмегімен ұн­тақ полипропиленді түйіршіктеу технология­сы игерілуде. Бұл – Индустриялық-инно­вациялық бағдарламаның тағы бір жемісі. Аталған технологияны енгізу «Неф­те­хим LTD» отандық кәсіпорны мен «Тех­нологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ арасындағы инновациялық грант алу туралы келісімшарт шеңберінде жүзеге асып отыр. Келісімшартқа сәйкес, грант иесіне қаржы жоба іске асырылғаннан кейін нақты шығынның жартысын өтеу арқылы беріледі. Компанияның директоры Ерлан Құса­нов­­тың айтуынша, аталған жоба 2014 жыл­дың аяғына дейін аяқталуы тиіс. «Ұнтақ поли­п­ропиленді түйіршіктеу технология­сын қолдану кәсіпорынның өндірістік-ша­руа­шылық қызметінің тиімділігін және ең­бек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүм­­кіндік береді. Технологиялық даму жө­нін­дегі ұлттық агенттіктің қолдауымен кәсіп­­орынның инвестициялық жобалары іске асырылуда», дейді кәсіпорынның жетекшісі. Ұнтақ полипропилен – бұл түрлі пластмасса өнімдерін, яғни, полипропилен қап­та­рын, құбырлар, талшықтар мен өзге де тауар­лар шығару үшін арналған полимер. Түйір­шіктелген полипропилен материалдар мөлшерлеуге, сақтауға, тасымалдауға өте ыңғайлы. Со­нымен қатар, ол қоймаларда сақ­тауға да қолайлы, көлемі орынды көп алмай­ды. «Нефтехим LTD» компаниясы бүгінде Павлодардағы өндірісі өрістеп келе жатқан бірегей кәсіпорындардың бірі. Ал енді аталған инновацияны енгізу өндірісті одан әрі жандандыра түспек. Себебі, қондырғыны инфрақұрылымның жанында орнату дайын өнімнің өзіндік құнын азайтады, соған байланысты бағасы басқа ұқсас тауар өндірушілерге қарағанда төмен болмақ. Бұл өнімге деген сұранысты ұлғайтуға, жеткізу нарығын кеңейтуге, сол арқылы кәсіпорынның қуатын барынша игеруге мүмкіндік береді. Ең бас­тысы, инновацияға негізделген мұндай өнімдер ертеңгі Еуразиялық экономикалық кеңістікте бәсекеге төтеп берер өнімнің бірі боларына сенім зор. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».