Алматының екі ауданында ыстық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Алматы жылу желілері» ЖШС-не сілтеме жасап.
Алматы қаласының Түрксіб және Наурызбай аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үй мен өзге де ғимараттарға ыстық су беру көшелер мен тұрғынжайлар контурларында шектеледі:
11 шілдеден 15 шілдеге дейін:
Хмельницкий - Староэлеваторская - Бакинская - Куйбышева,Шахтинск - Аяз би - Демченко - Атбасар,Урицкий – Бейсебаева - Нұрсая - Бартольд,Остроумова - Красногорская - Дегдар - Остроумова;
11 шілдеден 1 тамызға дейін:
Райымбек - Жуалы - Абай - Алтын орда.
«Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.