ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы №291 бұйрығымен орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің электрондық тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің бұйрығы «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
«Бұйрықпен бекітілген орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», делінген құжатта.
Сондай-ақ ведомство басшысы Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес аталған бұйрықты Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін міндеттейді. Ресми тіркеуден өткен соң бұйрық Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында орналастырылады.
Мектеп оқулықтары мен мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешеннің электрондық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.