• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Туризм 09 Шілде, 2022

Түрген шатқалында туристер үшін жаңа визит-орталық ашылды

523 рет
көрсетілді

Turgensai визит-орталығы Түрген шатқалының бірегей орындары бойынша жаяу жүрудің бастапқы нүктесі болады. 9 шілдеде «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі орталықтың салтанатты ашылуына бастамашы болды. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Turgensai - Іле-Алатау ұлттық паркінің картасындағы екінші сапар орталығы.

Заманауи стандартпен салынған орталық облыс туристері мен қонақтарына ұлттық парктің қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты ұсынады.

«Ел басшылығы экотуризмді дамытуға ерекше көңіл бөледі, бұл жөнінде тиісті тапсырма беріледі», деп атап өтті ҚР вице-премьері Ералы Тоғжанов.

Алматы өңірі экотуризмді дамытудың негізгі бағыты екені анық. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Алматы кластерінің аумағы шегіндегі үш ұлттық саябаққа жалпы келушілер 2020 жылдың ғана емес, 2019 жылға, пандемияға дейінгі жылдың деңгейінен асып түсті. 2022 жылдың 6 айының қорытындысы да ұлттық паркке келушілер артқанын байқатты. Мұның бәрі экотуризмнің жоғары даму қарқынын және экологиялық туризм мәдениетінің халық арасында таралуын көрсетеді.

Визит-орталық мәдениеті қазақстандықтар мен шетелдік қонақтардың өздері үшін ұйымдастырылған демалысты қалыптастыру мүмкіндігі болуы үшін өмірімізге тығыз енуі тиіс, - деді QazaqGeography РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаев.

– Бұл - қарапайым азаматтарға жолсапарда қауіпсіз маршрут, нұсқаулық, демалуға және күш жинауға арналған орын туралы мағлұмат алуына мүмкіндік беретін уақыт талабы. Және де ұлттық парктер, осының есебінен аумақтарды тәртіпте ұстай алады, сонымен қатар инфрақұрылымды дамытуға және жақсартуға қол жеткізе алады.

Ашылу салтанатына мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

Түрген несімен танымал?

Turgensai - келушілердің ұлттық паркпен танысу орны және Іле-Алатау ұлттық паркі Түрген шатқалының қол тимеген табиғатында саяхаттаудың бастапқы нүктесі.

Орталық Алматыдан 80 шақырым жерде, табиғат ескерткіштеріне бай Түрген шатқалында орналасқан.

Осы орталықтан бастап Аюлы сарқырамасына дейін жүре аласыз, оның биіктігі - 30 м.

Ұзындығы 1,3 км болатын бұл жол - әлеуметтік және барлық санаттағы адамдар үшін қолжетімді туристік бағыт саналады.

Бұдан басқа, Түрген шатқалы автожолының бойында пайдалы минералдарға бай суық суы бар бес бұлақ, сондай-ақ Тurgensai визит-орталығының астынан жер қойнауынан соғатын ыстық радонды бұлақтар бар.

Сондай-ақ, осы маңда туристерге Қайрақты сарқырамасы, Шынтүрген мүк шырша ормандары, Сиверс алмасының табиғи резерваты және басқа да табиғи объектілер тиіп тұр.

Орталық мүмкіндігі шектеулі адамдар мен балалы аналарға қолайлы болуы үшін пандустармен жабдықталған.

Turgensai визит-орталығы туристер үшін ғана емес, мектеп оқушылары мен жастар үшін де тартымды орын болады.

Аюсай, ұлттық парк және еріктілер мұнда балалармен, жастармен сабақтар, ал визит-орталық қызметкерлері Түрген шатқалының көркем жерлеріне экскурсия өткізеді.

Түрген шатқалы Сақ қорғандарымен де танымал, оның бірінен Алтын адам табылған.

Turgensai кешенінің өзіне ақпараттық стенд, дәріс залы, кәдесый дүкені, тамақтану орны, қоғамдық дәретхана, ойын алаңы мен террассалар кіреді.