Премьер-Министр Уимблдон чемпионатында жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны «Уимблдон» финалындағы айрықша жеңісімен құттықтаймын! Ол шебер спортшы ретінде табандылық танытып, ерік-жігерінің арқасында жеңіске жетті. Еленаға зор денсаулық, амандық пен жарқын жеңістер тілеймін!», деп жазды Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.