• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Шілде, 2022

Жолаушылар мінген теплоход суға батып кетті

187 рет
көрсетілді

Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батты. Оқиға кезінде 30-дан астам адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«10 шілде күні түстен кейін Аракчино маңындағы Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батып кетті. Жолаушыларды катерлер мен қайықтар арқылы құтқарылды», деп хабарлады Тергеу комитетінің Көліктегі орталық ауданаралық тергеу басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство кемеден құтқарылған 34 жолаушының аман екенін хабарлады. Қазір сүңгуірлер суға батқан кемені тексеруде.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.