• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Шілде, 2022

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

215 рет
көрсетілді

Қазгидромет 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ел территориясының басым бөлігіне ықпал етеді. Жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі.

Сондай-ақ оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Тек Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.