• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Шілде, 2022

Ақтөбе облысында 6 жасар бала суға батып кетті

352 рет
көрсетілді

Ақтөбенің Алға ауданы, Есет батыр ауылында қайғылы жағдай тіркелді. 6 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне Алға ауданы Есет батыр ауылындағы қайғылы жағдай туралы 10 шілде күні сағат 16:15-те хабарлаған.

«2016 жылы туған баланың суға батып кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына құтқарушылар дереу жеткен кезде Есет батыр ауылынан 2 шақырым жердегі Тамды өзенінің бойында баланың суға түскені белгілі болды. Ол ата-анасының қарауынсыз тыйым салынған жерге шомылған. Құтқарушылар баланың денесін 2,5 метр тереңдіктен  алып шықты», деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.