2013 жылғы 27 желтоқсан, Астана қаласы
«Машина жасау» саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-4-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріп отырған «Машина жасау» саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты орындауды бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің міндетін атқарушы А.РАУ.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №446 бұйрығымен бекітілді
«Машина жасау» саласындағы салалық біліктілік шеңбері
2. Жалпы ережелер
1. «Машина жасау» саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі – СБШ) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-ө-м және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес келетін сегіз біліктілік деңгейлерін қамтиды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2012 жылғы 19 қазанда № 8022 тіркелген, «Заң газеті» 2012 жыл 16 қараша № 174, «Казахстанская правда» 2012 жыл 24 қараша № 408-409 және «Егемен Қазақстан» 2012 жыл 24 қараша № 771-775 газеттерінде ресми түрде жарияланды).
2. СБШ біліктілік деңгейлерінің бірыңғай шкаласын айқындайды, біліктіліктің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді және кәсіби стандарттар және машина жасау саласы мамандары сәйкестігін растау жүйесі мен біліктілігін беру үшін негіз болып табылады.
3. СБШ пайдаланушылардың әр топтарына арналған (жұмыс беруші, білім беру органдарына және азаматтарға) және мыналарға:
1) кәсіби және білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде барлық білім беру деңгейінің мамандары мен түлектерінің біліктіліктеріне қойылатын талаптарды бірыңғай ұстаныммен сипаттауға;
2) машина жасау саласындағы мамандардың және білім берудің барлық деңгейлерін түлектерінің сәйкестікті растау мен біліктілігін берудің рәсімдерін және бағалау материалдары әзірлеуге;
3) тиісті біліктілікті меңгеруге апаратын, мансаптың жоғарылауын, біліктілік деңгейдің арттыруды жоспарлауға мүмкіндік береді.
4. СБШ-да қолданатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, біліктіліктің міндетті түрде бағалануға тиіс бөлігі;
2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық сипаттамасы;
3) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу тетіктерінің жиынтығы;
4) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығы ішінде сатып алынуы мүмкін және тиімді пайдаланыла алатын білім мен дағдылар;
5) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінінің құрылымдық сипаттамасы;
6) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және еңбек шарттарына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
7) біліктілігі – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді қолдану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды қолдану).
5. СБШ СБШ-ның 1-қосымшасына сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік конструкцияны білдіреді.
СБШ әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын сипаттаудан тұрады, атап айтқанда:
1) білім – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және білімге қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
пайдаланатын ақпараттың көлемі мен күрделілігі;
білімнің инновациялылығы;
олардың абстрактілік дәрежесі (теориялық және практикалық білімнің арақатынасы). Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөліктерінің бірінің (кез келгенінің), екеуінің де немесе үшеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
2) білік пен дағды – бұл көрсеткіш кешенді болып табылады және біліктілікке қойылатын талаптарды айқындайды, кәсіби қызметтің мынадай ерекшеліктеріне байланысты болады:
кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерінің көптігі (нұсқаулығы), осы тәсілдерді таңдау немесе әзірлеу қажеттілігі;
жұмыс жағдайының белгісіздік және оның дамуының беймәлімдігі дәрежесі. Оның көріну дәрежесі (біліктіліктің бір деңгейінен басқасына ауысу) көрсеткіштердің құрамдас бөіктерінің бірінің (кез келгенінің) немесе екеуінің де өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.
3) тұлғалық және кәсіби құзыреттер – бұл көрсеткіш қызметкердің жалпы құзыреттілігін айқындайды және үш негізгі дәрежесі бар:
басшылықтың қоластындағы қызмет;
қызметті дербес орындау;
басқаларды басқару.
Өкілеттік пен жауапкершіліктің кеңдігі қызмет ауқымына, ықтимал қателіктің ұйым, сала үшін бағасына, олардың әлеуметтік, экологиялық, экономикалық және басқа да салдарына, сондай-ақ кәсіби қызметте басшылықтың негізгі функцияларын толық іске асыруына байланысты (мақсатты болжау, ұйымдастыру, бақылау, орындаушыларды ынталандыру).
6. СБШ-да біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.
7. Біліктілік белгілі бір білім бағдарламасын игеру және/немесе практикалық тәжірибе нәтижесі болып табылады.
Біліктілікті жетілдіру немесе оның бейінін өзгерту үшін әрбір деңгейде кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің қосымша білім бағдарламалары бойынша тиісті лицензиялары бар ұйымдарда оқуға болады.
Біліктілік деңгейі практикалық жұмыс тәжірибесін меңгеруіне, дербес білім алуына және оқуына қарай жетілуі мүмкін.
Білім беру мен оқытудың әртүрлі нысандарын есепке алу салалық біліктілік жүйелердің ішінде жүргізілетін болады.
Қызметкердің практикалық тәжірибесін, біліктілікті арттыру курстарын және осы сияқтыларды ескеру арқылы жеке білім беру траекториясын құруға болады, бұл біліктілік деңгейлерін алға және жоғары қарай да дамытуға мүмкіндік береді.
Біліктілік деңгейлері мен ұлттық білім беру және оқыту жүйесі деңгейлерінің арақатынасы СБШ-ның 2-қосымшасында көрсетілген біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші бойынша айқындалады.
Машина жасау саласындағы салалық біліктілік шеңберіне 1-қосымша
Машина жасау саласындағы салалық біліктілік шеңберінің құрылымы
ҰБШ деңгейі СБШ деңгейі Кәсіптік қызмет салалары:
1. Өндіріс құралдарын (станоктар, құрал-саймандар, құрылғылар және т.б.) дайындау, профилактикасы
Жеке және кәсіби құзыретіне
қойылатын талаптар Білігі мен дағдысына қойылатын талаптар Біліміне қойылатын талаптар
1 1 Дербестігі: міндеттерді орындау барысында өте төмен дербестік деңгейінде толық басшылық жасалатын жұмыс. Жауапкершілігі: жұмыстардың орындалуы; өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігін сақтау. Күрделілігі: нұсқаулық бойынша жұмыс істеу. Үлгілік күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді. Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық іс-қимылдар циклы туралы базалық білім.
2 2 Дербестігі: таныс жағдайларда белгілі бір дербестік болғанда басшылық пен жасалатын жұмыс; басшылық пен оқыту. Жауапкершілігі: қарапайым тапсырмалардың орындалу нәтижелері; өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау. Күрделілігі: қарапайым үлгілік міндеттерді шешу. Үлгілік күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді. Еңбек мәні, үлгілік қарапайым тапсырмаларды орындау кезінде нәтижеге қол жеткізу құралдары мен жолдары туралы базалық білім.
3 3 Дербестігі: үлгілік жағдайларда дербес жұмыстарды және күрделі жағдайларда басшылық пен кәсіби қызметтерді жүзеге асыру, оқытуды дербес ұйымдастыру. Жауапкершілігі: жұмыстардың орындалу нәтижелері; өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау. Күрделілігі: үлгілік практикалық тапсырмаларды шешу; білім және практикалық тәжірибе негізінде белгілі болған іс-қимылдар тәсілін таңдау. Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін таңдай білу дағдыларын көрсетеді. Еңбек мәнін технологиялық өзгерту, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру туралы білім.
4 4 Дербестігі: қарамағындағы қызметкерлердің міндеттерді дербес белгілеуін, нормаларды іске асыруды ұйымдастыру мен бақылауды көздейтін басшылық пен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық -басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: норманың іске асырылу нәтижелері; өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау. Күрделілігі: жұмыс жағдайларын дербес талдауды талап ететін түрлі үлгілік практикалық міндеттерді шешу. Алынған тапсырмаларды нақтылайды, қарамағыдағы-
лардың міндеттерін белгілейді, қызметтерінің нәтижесін бағалайды, білімі мен дағдылардың жетіспеушілігін анықтайды, қызмет-
керлерді кәсіпқой-
лығын арттыруға ынталандырады. Кәсіби міндеттерді шешу және белгілеу тәсілдері, қағидаттары және амалдары, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері туралы білім.
5 5.1 Дербестігі: кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі мен стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: өндіріс құралдарын дайындау, профилкатикасы.
Күрделілігі: жұмыс жағдайлары әртүрлі өзгерген жағдайларда шешім табу тәсілдерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу. Тапсырысты түсіне білу, жағдайды және өзінің іс-қимылдарын талдай білу, шешім қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, командалық жұмыс, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты жоғарылату тұрғысынан қызметті бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді. Кәсіби жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және командалық құрылым туралы білім.
5.2 Дербестігі: кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі мен стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: өндіріс құралдарын дайындауды, ұйымдастыру, профилактикасы. Күрделілігі: жұмыс жағдайлары әртүрлі өзгерген жағдайларда шешім табу тәсілдерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу.
6 6.1 Дербестігі: жұмыстарды басқа учаскелермен келісіп жасауды көздейтін, кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: өндіріс құралдарын, машина тораптары мен жабдықты дайындау, олардың профилактикасы, маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру үшін жауапкершілік. Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерін таңдауды және олардың әр түрлілігін көздейтін міндеттерді шешуге бағытталған қызмет. Белгісіздігі жоғары әлеуметтік және кәсіби жағдайларда жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару мәдениеті, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, нәтижелерді ресімдеу және олармен таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсетеді. Әлеуметтік және кәсіби күрделі жағдайларда бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау әдіснамасы, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, талдамалық және жобалық құжаттаманы ресімдеу және таныстыру тәсілдері туралы білім.
6.2 Дербестігі: жұмыстарды басқа учаскелермен келісіп жасауды көздейтін кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: өндіріс құралдарын, дайын машина мен жабдықты дайындау, олардың профилактикасы, маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру үшін жауапкершілік. Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерін таңдауды және олардың әр түрлілігін көздейтін мін-
деттерді шешуге бағытталған қызмет.
7 7 Дербестігі: сала құрылымының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет поцестерін жоспарлау және әзірлеу, олардың нәтижелері, аралық өнімді өндіру және ішкі нарықта өткізу. Күрделілігі: даму міндеттерін шешуді, жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет. Міндет пен проблемаларды қою, инновациялық тәсілдерді, тұжырымдама жасау және қызмет стратегиясы әдістерін қолдана отырып, оларды жүйелі түрде шешу дағдыларын көрсетеді. Тұжырымдаманы, стратегияны, қызметтің функционалдық модельдерін құру әдіснамасын, акмеологиялық әдістерді қолдана отырып, міндеттер мен проблемаларды қою мен жүйелі түрде шешу тәсілдері туралы білім.
8 8 Дербестігі: мемлекеттік ауқымда сала құрылымының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет поцестерін жоспарлау және әзірлеу, олардың нәтижелері. Күрделілігі: даму міндеттерін шешуді, жаңа тәсілдерді әзірлеуді, әртүрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет. Жүйелік және стратегиялық ойлауды, логикалық әдістерді, кәсіби қызмет пен өзара іс-қимылдың модельдерін құру мен орындау әдістерін қолдана отырып, өзара тиімді шешімдерді қабылдау дағдысын көрсетеді. Қызметтің және өзара іс-қимылдың кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім.
ҰБШ деңгейі СБШ деңгейі Кәсіптік қызмет салалары:
2. Машина жасау өнімін өндіру
Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар Білігі мен дағ-
дысына қойылатын талаптар Біліміне қойылатын талаптар
1 1 Дербестігі: қызметкерлердің құзыреттері айқын өндірістік нұсқаулықтармен, қатаң тұрақты бақылаумен шектелген. Жауапкершілігі: жұмыстарды орындау; өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі. Күрделілігі: мәселелерді қатаң бақылаумен шешу. Үлгілік күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді. Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық іс-қимылдар циклы туралы базалық білім.
2 2 Дербестігі: таныс жағдайларда белгілі бір дербестік болғанда басшылық пен жасалатын жұмыс; басшылық пен оқыту, күрделі емес түйіндерді жинау/бұзу. жұмыс орнын, құрал-сайманды, жеке қорғану құралдарын дайындау. Жауапкершілігі: қарапайым тапсырмалардың орындалу нәтижелері; өз қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау. Күрделілігі: стандартты нұсқауықтар шеңберінде мәселелерді шешу, тұрақты бақылаумен мәселелерді шешу. Үлгілік күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді. Еңбек мәні, үлгілік қарапайым тапсырмаларды орындау кезінде нәтижеге қол жеткізу құралдары мен жолдары туралы базалық білім.
3 3 Дербестігі: үлгілік жағдайларда дербес жұмыстарды және күрделі жағдайларда басшылық пен кәсіби қызметтерді жүзеге асыру, оқытуды дербес ұйымдастыру. Жауапкершілігі: машиналардың жауапты емес бөлшектерін дайындау, түйіндерді жинау, материалды, құрал-сайманды, жарақтарды және жабдықты дайындау. Күрделілігі: жақсы анықталған, бірақ белгілі бір дәрежеге дейін әртүрлі рәсімдер менүлгі оқиғалар шеңберінде мәселелерді шешу, үлгілік практикалық тапсырмаларды орындау; білім және тәжірибе негізінде белгілі болған іс-қимылдар тәсілін таңдау. Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін таңдай білу дағдыларын көрсетеді. Еңбек мәнін технологиялық өзгерту, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру туралы білім.
4 4 Дербестігі: қарамағындағы қызметкерлердің міндеттерді дербес белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін басшылық пен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: машиналар мен механизмдердің күрделі және жауапты бөлшектері мен түйіндерін дайындау, машиналар мен механизмдер өндірісін дайындау, өнім шығару желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, нормаларды іске асыру нәтижелері; өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау. Күрделілігі: бір бірінен анағұрлым айрықша бекітілген рәсімдер мен стандарттар шеңберіндегі мәселелерді шешу, жұмыс жағдайын дербес талдауды талап ететін әртүрлі үлгілік практикалық міндеттерді шешу. Алынған тапсырмаларды нақтылайды, қарамағында-ғылардың міндеттерін белгілейді, қызметтерінің нәтижесін бағалайды, білімімен дағдылардың жетіспеушілігін анықтайды, қызметкерлерді кәсіпқойлығын арттыруға ынталандырады. Кәсіби міндеттерді шешу және белгілеу тәсілдері, қағидаттары және амалдары, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері туралы білім.
5 5.1 Дербестігі: кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі мен стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: аралық өнімді шығару, машиналардың жауапты түйіндерін дайындау.
Күрделілігі: жұмыс жағдайлары өзгермелі түрлі жағдайларда шешім табу тәсілдерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу. Тапсырысты түсіне білу, жағдайды және өзінің іс-қимылдарын талдай білу, шешім қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, командалық жұмыс, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты жоғарылату тұрғысынан қызметті бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді. Кәсіби жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым туралы білім.
5.2 Дербестігі: кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі мен стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: аралық өнімді шығару, машиналардың жауапты түйіндерін өндіру мен жинауды ұйымдастыру. Күрделілігі: жұмыс жағдайлары өзгермелі түрлі жағдайларда шешім табу тәсілдерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу.
6 6.1 Дербестігі: жұмыстарды басқа учаскелермен келісіп жасауды көздейтін, кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: дайын өнімді шығару үшін: машиналар түйіндері мен жабдықтарды дайындау, жинау және алдын ала сынақтан өткізу, өндіріс құралдары, машина түйіндері мен жабдықтың профилактикасы, маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыру үшін жауапкершілік. Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерін таңдауды және олардың әр түрлілігін көздейтін міндеттерді шешуге бағытталған қызметтер. Белгісіздігі жоғары әлеуметтік және кәсіби жағдайларда жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару мәдениеті, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, нәтижелерді ресімдеу және олармен таныстыру, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсетеді. Әлеуметтік және кәсіби күрделі жағдайларда бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау әдіснамасы, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, талдамалық және жобалық құжаттаманы ресімдеу және таныстыру тәсілдері туралы білім.
6.2 Дербестігі: жұмыстарды басқа учаскелермен келісіп жасауды көздейтін кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: дайын өнімді шығару - өндіріс құралдарын, дайын машиналар мен жабдықтарды дайындау, жинау және алдын ала сынақтан өткізу, маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу. Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерін таңдауды және олардың әр түрлілігін көздейтін міндеттерді шешуге бағытталған қызметтер.
7 7.1 Дербестігі: сала құрылымының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу, олардың нәтижелері, ішкі нарықта аралық өнімді өндіру және өткізу. Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әртүрлі әдіс-
терді пайдалануды көздейтін қызмет. Міндеттер мен проблемаларды қою, инновациялық тәсілдерді, тұжырымдама жасау және қызмет стратегиясы әдістерін қолдана отырып, оларды жүйелі шешу дағдыларын көрсетеді. Тұжырымдаманы, стратегияны, қызметтің функционалдық модельдерін құру әдіснамасы, акмеологиялық әдістерді қолдана отырып, міндеттер мен проблемаларды қою мен жүйелік шешу тәсілдері туралы білім.
7.2 Дербестігі: сала құрылымының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге және дамуға әкелуі мүмкін қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу. Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әртүрлі әдіс-
терді пайдалануды көздейтін қызмет.
8 8.1 Дербестігі: саланың мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдарының жұмыс істеу мен даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: қызмет процесін жоспарлау, әзірлеу және олардың нәтижесі, дайын өнімді өндіру және ішкі нарықта өткізу. Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әртүрлі әдіс-
терді пайдалануды көздейтін қызмет. Жүйелік және стратегиялық ойлауды, логикалық әдістерді, кәсіби қызмет пен өзара іс-қимылдың модельдерін құру мен орындау әдістерін қолдана отырып, өзара тиімді шешімдерді қабылдау дағдысын көрсетеді. Қызметтің және өзара іс-қимылдың кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім.
8.2 Дербестігі: саланың мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдарының жұмыс істеу мен даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Жауапкершілігі: қызмет процесін жоспарлау, әзірлеу және олардың нәтижесі, дайын өнімді өндіру және сыртқы нарықта өткізу. Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әртүрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет.
ҰБШ деңгейі СБШ деңгейі Кәсіптік қызмет салалары:
3. Машина жасау өніміне сервистік қызмет көрсету, жөндеу және жаңғырту
Жеке және кәсіби құзыретіне қойылатын талаптар Білігі мен дағ-
дысына қойылатын талаптар Біліміне қойылатын талаптар
1 1 Дербестігі: қызметкерлердің құзыреттері айқын өндірістік нұсқаулықтармен, қатаң тұрақты бақылаумен шектелген. Жауапкершілігі: жұмыстарды орындау; өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі. Күрделілігі: мәселелерді қатаң бақылаумен шешу. Үлгілік күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді. Еңбек мәні, оны өзгерту процестері және тиісті орындаушылық іс-қимылдар циклы туралы базалық білім.
2 2 Дербестігі: таныс жағдайларда белгілі бір дербестік болғанда басшылық пен жасалатын жұмыс; басшылық пен оқыту, күрделі емес түйіндерді жинау/бұзу, жұмыс орнын, құрал-сайманды, жеке қорғану құралдарын дайындау. Жауапкершілігі: қарапайым тапсырмалардың орындалу нәтижелері; өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау. Күрделілігі: қарапайым үлгілік иіндеттерді шешу. Үлгілік күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі басқара білу дағдыларын көрсетеді. Еңбек мәні, үлгілік қарапайым тапсырмаларды орындау кезінде нәтижеге қол жеткізу құралдары мен жолдары туралы базалық білім .
3 3 Дербестігі: үлгілік жағдайларда дербес жұмыстарды және күрделі жағдайларда басшылық пен кәсіби қызметтерді жүзеге асыру, оқытуды дербес ұйымдастыру. Жауапкершілігі: машиналардың жауапты емес бөлшектерін дайындау, түйіндерді жинау, материалды, құрал-сайманды, жарақтарды және жабдықты дайындау.
Күрделілігі: жақсы анықталған, бірақ белгілі бір дәрежеге дейін әртүрлі рәсімдер менүлгі оқиғалар шеңберінде мәселелерді шешу, үлгілік практикалық тапсырмаларды орындау; білім және тәжірибе негізінде белгілі болған іс-қимылдар тәсілін таңдау. Стандартты практикалық тапсырмаларды орындайды, жоспарлау, қойылған міндеттерді орындау тәсілдерін таңдай білу дағдыларын көрсетеді. Еңбек мәнін технологиялық өзгерту, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру туралы білім.
4 4 Дербестігі: қарамағындағы қызметкерлердің міндеттерді дербес белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын көздейтін басшылық пен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық -басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: бекітілген функцияларды (сервистік қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту) іске асыру кезіндегі нәтижелер, өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау. Күрделілігі: жұмыс жағдайларын дербес талдауды талап ететін әртүрлі үлгілік практикалық міндеттерді шешу. Алынған тапсырмаларды нақтылайды, қарамағындағы-лардың міндеттерін белгілейді, қызметтерінің нәтижесін бағалайды, білімімен дағдылардың жетіспеушілігін анықтайды, қызметкерлердің кәсіпқойлығын арттыруға ынталандырады. Кәсіби міндеттерді шешу және белгілеу тәсілдері, қағидаттары және амалдары, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы, еңбек уәждемесі және еңбекке ынталандыру тәсілдері туралы білім.
5 5.1 Дербестігі: кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі мен стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: машиналар мен жабдықты жөндеуді ұйымдастыру. Күрделілігі: жұмыс жағдайлары өзгермелі түрлі жағдайларда шешім табу тәсілдерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу. Тапсырысты түсіне білу, жағдайды және өзінің іс-қимылдарын талдай білу, шешім қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, командалық жұмыс, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты жоғарылату тұрғысынан қызметті бақылау және түзету дағдыларын көрсетеді. Кәсіби жағдайларды жүйелік талдау және жобалау әдіснамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау тәсілдері, ұжым және ұжымдық құрылым туралы білім.
5.2 Дербестігі: кәсіпорын қызметінің технологиялық процесс учаскесі мен стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: машиналар мен жабдыққа сервистік қызмет көрсетуді, оларды жөндеуді ұйымдастыру. Күрделілігі: жұмыс жағдайлары өзгермелі түрлі жағдайларда шешім табу тәсілдерін таңдау негізінде практикалық міндеттерді шешу.
6 6.1 Дербестігі: жұмыстарды басқа учаскелермен келісіп жасауды көздейтін, кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: машиналар мен жабдықты жөндеуді ұйымдастыру; өзінің еңбегін бағалау мен жетілдіру, өзі оқу және басқаларды оқыту, өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау. Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерін таңдауды және олардың әр түрлілігін көздейтін міндеттерді шешуге бағытталған қызметтер. Белгісіздігі жоғары әлеуметтік және кәсіби жағдайларда жобалау және шешім қабылдау, өзін-өзі басқару мәдениеті, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, нәтижелерді ресімдеу және олармен таныстыру, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын көрсетеді. Әлеуметтік және кәсіби күрделі жағдайларда бірлесіп талдау, жобалау және шешім қабылдау әдіснамасы, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарастарды келісу, талдамалық және жобалық құжаттаманы ресімдеу және таныстыру тәсілдері туралы білім.
6.2 Дербестігі: жұмыстарды басқа учаскелермен келісіп жасауды көздейтін кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: машиналар мен жабдыққа сервистік қызмет көрсетуді, оларды жөндеуді ұйымдастыру, өзінің еңбегін бағалау мен жетілдіру, өзі оқу және басқаларды оқыту, өзінің қауіпсіздігі және басқалардың қауіпсіздігі; қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау. Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерін таңдауды және олардың әр түрлілігін көздейтін міндеттерді шешуге бағытталған қызметтер.
7 7.1 Дербестігі: сала құрылымының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: машиналар мен жабдыққа ішкі нарықта сервистік қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту және сынақтан өткізуді ұйымдастыру. Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әртүрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет. Міндеттер мен проблемаларды қою, инновациялық тәсілдерді, тұжырымдама жасау және қызмет стратегиясы әдістерін қолдана отырып, оларды жүйелі шешу дағдыларын көрсетеді. Тұжырымдаманы, стратегияларды, қызметтің функционалдық модельдерін құру әдіснамасы, акмеологиялық тәсілдерді қолдана отырып, міндеттер мен проблемаларды қою және жүйелік шешу тәсілдері туралы білім.
7.2 Дербестігі: сала құрылымының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: машиналар мен жабдыққа сыртқы нарықта сервистік қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту және сынақтан өткізуді ұйымдастыру. Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әртүрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет.
8 8.1 Дербестігі: саланың мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдарының жұмыс істеу мен даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет поцестерін жоспарлау және әзірлеу, олардың нәтижелері, машиналар мен жабдыққа ішкі нарықта сервистік қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту және сынақтан өткізуді ұйымдастыру. Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әртүрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет. Жүйелік және стратегиялық ойлауды, логикалық әдістерді, кәсіби қызмет пен өзара іс-қимылдың модельдерін құру мен орындау әдістерін қолдана отырып, өзара тиімді шешімдерді қабылдау дағдысын көрсетеді. Қызметтің және өзара іс-қимылдың кооперативтік жүйелерін құру, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді үлгілеу және басқару әдіснамасы туралы білім.
8.2 Дербестігі: саланың мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдарының жұмыс істеу мен даму стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет. Жауапкершілігі: маңызды өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін қызмет поцестерін жоспарлау және әзірлеу, олардың нәтижелері, машиналар мен жабдыққа сыртқы нарықта сервистік қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту және сынақтан өткізуді ұйымдастыру. Күрделілігі: даму міндеттерін шешу, жаңа тәсілдерді әзірлеу, әртүрлі әдістерді пайдалануды көздейтін қызмет.
Машина жасау саласындағы салалық біліктілік шеңберіне 2-қосымша
Біліктілікке қол жеткізу көрсеткіші
Біліктілік деңгейі Тиісті деңгейдегі біліктілікке қол жеткізу жолдары
1 Практикалық тәжірибе және/немесе жұмыс орнында қысқа мерзімді оқыту (нұсқау) және/немесе бастауыштан төмен емес негізгі орта білімі болған кезде қысқа мерзімді курстар.
2 Практикалық тәжірибе және/немесе негізгі орта білімнен төмен емес жалпы орта білімі болған кезде кәсіби даярлау (білім беру ұйымы негізінде қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқыту).
3 Практикалық тәжірибе және/немесе жалпы орта білім немесе негізгі орта білімнің негізінде техникалық және кәсіби білім немесе практикалық тәжірибесіз жалпы орта білім болған кезде кәсіби даярлау (білім беру ұйымының негізінде бір жылға дейін кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорында оқыту).
4 Жоғары дәрежелі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе.
5 Техникалық және кәсіби білім (орта буын маманы), ортадан кейінгі білім, практикалық тәжірибе немесе жоғары білім.
6 Жоғары білім, практикалық тәжірибе.
7 Жоғары білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе.
8 Жоғары білім, практикалық тәжірибе және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе. Осы біліктілік деңгейінде жоғары білім «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін алынған жоғары білімді, сондай-ақ осы заңда белгіленген білім деңгейіне сәйкес айқындалған жоғары оқу орнынан кейінгі білімді қамтиды.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 5 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9127 болып енгізілді.