• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Шілде, 2022

Қызылорда облысында жаңа көпір мен жол айрығы салынады

480 рет
көрсетілді

Сырдария өзенінің сол жағалауындағы басты қалалық жолдың «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасымен түйіскен жерінде көлік жол айрығы салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде 230 қада бұрғыланып, бетондалды. Жол айрығының құрылысы шамамен 15 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қызылорда облысындағы Карлан учаскесінде көпір құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 20 қада бұрғыланып, бетондалған.  Сонымен қатар ростверк құрылысы жүргізіліп, көпірдің кіреберіс жолдарына топырақ төсеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әрі қарай асфальттың төменгі және жоғарғы қабаттары төселіп, учаске жол белгілері туралы ақпаратпен жабдықталады.

Сондай-ақ Қазалы ауданындағы «Әйтеке би – Басықара», Жалағаштағы «Самара – Шымкент-Еңбек – Есет батыр – Жаңадария» және Жаңақорған аудандарындағы «Самара – Шымкент – Екпінді» автожолдарының бойындағы көпірлерді қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.

Жұмыс сапасы таппсырыс беруші мен техникалық қадағалаудың және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның тұрақты бақылауында.

Қызылорда облысында жыл соңына дейін 37 автожол жобасы жүзеге асырылмақ. 2022 жылы аудандық маңызы бар жолдардың 122 км және облыстық маңызы бар жолдардың 85 шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылды.

Сонымен бірге 8 нысан бойынша құрылыс және реконструкция жұмыстары жүргізілуде.