• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 11 Шілде, 2022

Елордадағы бірқатар мектепке еліміздің біртуар тұлғаларының есімі беріледі

294 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтандағы 6 мектепке еліміздің біртуар белгілі тұлғаларының есімі беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының «Ашық» НҚА сайтында жарияланған тиісті қаулысына сілтеме жасап.

«№ 1 мектеп-лицейіне – Талғат Бигелдиновтің, ал № 88 мектеп-лицейге – Қадыр Мырза Әлінің, № 70 мектеп-лицейге – Темірбек Жүргеновтің, № 92 мектеп-лицейге – Ақжан әл-Машанидің, № 65 мектеп-гимназиясына – Мағжан Жұмабаевтың, № 1 өнер мектебіне – Тәттімбеттің есімі берілсін», делінген қаулыда.

Аталған қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.