• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2022

Алматының екі ауданында ыстық су болмайды

252 рет
көрсетілді

Алматыда Медеу және Жетісу аудандарындағы ғимараттардың бір бөлігі бір тәулікке ыстық су беруден ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz «Алматы жылу желілері» ЖШС қызметіне сілтеме жасап.

«13 шілдеде сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін Медеу және Жетісу аудандарының Қонаев - Райымбек - Жангелдин - Есік - Кіші Алматы өзені - Әйтеке би - Қалдаяқов - Мақатаев - Уәлиханов көшелері шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді», делінген хабарламада.

Жылумен қамту желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шектеулер енгізілген.