АҚТӨБЕ. 29 сәуір. Облыс орталығындағы жатақханада тұратын 4 жасар бала төртінші қабаттан құлап кеткен. Бақытына қарай, азғантай жарақаттанғаны өзіне олжа, тірі қалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға үстіміздегі жылғы 20 сәуір күні орын алған. Шақыру бойынша жеткен «жедел жәрдем» дәрігерлері жанға бататын жарақаты болмаса да, сәбиді ауруханаға салды. Облыстық балалар ауруханасы жарақат бөлімінің меңгерушісі Марсель Фаруздиновтың айтуынша, тексеру көрсеткеніндей, бала сүйек сынықтарынан, ішкі органдарының жарақаттануынан, миға қан құйылуынан дін-аман көрінеді.
Бала жатақхананың төртінші қабатында өзі тұрғылас балалармен ойнап жүріп, терезеден құлап кеткен. Абырой болғанда, жерге қолайлы түскен. «Періштесі қаққан «деп осындайда айтса керек.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: tengrinews.kz.