• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
29 Сәуір, 2014

Қызын құтқарғанымен, ұлына араша түсе алмады

304 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 29 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының орталығы - Явленка кентінде өртенген үйде 12 жастағы бала қаза тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, өрт электр тогының тұйықталуынан шыққан. Жалынды кеш сезген келіншек асып-сасқан күйі емшектегі 8 айлық қызын құшағына  қысып, сыртқа ұмтылған. Есін жиғаннан кейін ғана ұлы жайлы ойлаған. Бірақ бәрі кеш болған. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде баспананың шаңырағы опырылып, ортасына түскен. Өмір Есқали. Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті. Фото: www.photosuzdal.ru.