Red Wings әуе компаниясы шілдеде Мәскеуден Ақтөбеге ұша бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Red Wings мәліметіне сәйкес, аталған бағытта сыйымдылығы 100 орындық ресейлік SSJ 100 лайнерлері іске қосылады. Рейстер Жуковский халықаралық әуежайынан (Мәскеуден оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым) орындалады.
Мәскеу - Ақтөбе рейстері 29 шілдеде басталып, жұма күндері, ал Ақтөбе - Мәскеу рейстері 30 шілдеден сенбі күндері орындалады.
Ақтөбе Red Wings Мәскеуден ұшатын Қазақстанның төртінші қаласы болады. Сәуірден бастап әуе компания Жуковскийден Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына, шілдедің басынан бастап Ақтауға рейстер орындайды.