• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Шілде, 2022

Тараздағы «Қазфосфат» зауыты уақытша жабылуы мүмкін

534 рет
көрсетілді

Тараздағы «Қазфосфат» зауытын ауаға зиянды заттар тарап кетуіне байланысты уақытша жабу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараздағы алып өндіріс «Қазфосфат» зауытында техникалық апат болып, одан шыққан қою түтін қала көшелеріне жайылды. Облыстық экология департаментінің мамандары кәсіпорын жұмысын уақытша тоқтатпақ. Себебі, ауаға зиянды күкірт сутегінің мөлшері шамадан тыс тарап кеткен көрінеді. Бұл жағдай тәулігіне екі рет қайталанған.   «Санитарлық қоғау аумағынан сынама алынып, ол жерде күкірт сутек зиянды заттар анықталып, нормадан тыс асқаны анықталды. Қазіргі таңда жоспардан тыс тексеріс дайындалып жатыр. Зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндегенге дейін зауыт жұмысын уақытша тоқтататын шығармыз», деді Жамбыл облысы экология департаментінің бөлім басшысы Серік Нұрбаев.   Зауыт мамандары да болған оқиғаның себептерін анықтап жатыр. «Қазфосфат» ЖШС бас экологы Арман Қарағалиевтің айтуынша, зауыт зертханасында зерттеу жүргізілген, санитарлық учаскелер мен қала маңында дозаның шамадан тыс асқаны тіркелген жоқ.   «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Нұрланов күкірт-қышқыл цехында пайда болған ақауды жою, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай жағдайды болдырмау бойынша қажетті іс-шаралар өткізуді тапсырды.   Қазіргі уақытта минералды тыңайтқыштар зауыты штаттық режимде жұмыс істейді.