• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Бокс 13 Шілде, 2022

Қазақ боксшылары әлемдік рейтингіде жоғарылады

321 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингісін жаңартты. Онда Қазақстан боксшыларының рейтингідегі орны жоғарылады деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыр салмақта өнер көрсететін боксшы Жан Кособуцкий 15-орыннан 12-орынға көтерілді. Ал орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов оныншы орыннан сегізінші орынға жоғарылады.

Кособуцкий соңғы жекпе-жекте WBC International  белбеуін жеңіп алған еді. Ал Нұрсұлтанов WBO International титулын қорғады.