Қарағандыда 33 жастағы жергілікті тұрғынның жеке учаскесін тексеру барысында 451 қарасора бұтасы тәркіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ Жезқазған қаласының ПБ полицейлерінің назарына 48 жастағы ер адам түскен. Оған да тиесілі саяжайды тексеру кезінде жеті түп қарасора табылып, тәркіленді.
Ұсталғандар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өздері үшін өсіргендерін түсіндірді.
Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.