• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экология 13 Шілде, 2022

Елімізде Су ресурстары проблемалары жөнінде ғылыми-талдау орталығы құрылады

958 рет
көрсетілді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов су саласында қабылданатын шешімдердің ғылыми негіздемесін қамтамасыз ету қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ол үшін Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты базасында Су ресурстары және су шаруашылығы проблемалары жөніндегі ғылыми-талдау орталығы құрылады», деді Досбол Бекмағамбетов.

Министрлік өкілінің айтуынша, аталған шараларды қабылдау еліміздің су саласының жағдайын едәуір жақсартуға және Қазақстанның су қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.