• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Шілде, 2022

Шавқат Рахмонов MMA рейтингінде үздік ондықтан көрінді

205 рет
көрсетілді

MMAFighting.com сайты барлық салмақ санатындағы аралас жекпе-жек шеберлерінің жаһандық рейтингін жаңартты, деп хабарлады Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым рейтингі ММА ұйымымен ғана шектелмейді және әртүрлі лигалардағы (UFC, Bellator, ONE FC және т. б.) жекпе-жек шеберлерін қамтиды.   Жартылай орта салмақ дәрежесі туралы кестеде UFC-де өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Шавқат Рахмонов 13-ші орыннан сегізінші орынға көтерілді.   Еске салсақ, маусым айының соңында «Номад» тұншықтыру әдісімен америкалық файтер Нил Мэгниді жеңген еді.   MMAFighting.com сайты жариялаған материалда Шавкат Рахмоновтың UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткені айтылған.   Сондай-ақ басылым осы айда Рахмонов 8-ші орынға, бірден бес позицияға көтерілгенін жазды. Одан бөлек спортшының дауыс беру бюллетеньдерінің бірінде 3-ші орынға ие болғанын және қалған алты позиция бойынша үздік ондықтан көрінгені айтылды.   Орта салмақтағы ММА спортшыларының толық рейтингі:   1. Камару Усман 2. Колби Ковингтон 3. Хамзат Чимаев 4. Леон Эдвардс 5. Гилберт Бёрнс 6. Белал Мухаммад 7. Ярослав Амосов 8. Шавқат Рахмонов 9. Висенте Луке 10. Шон Брэди