Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев елімізде қызу талқыланған «Базз Лайтер» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік «Базз Лайтер» анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы пост арқылы жеткізуді жөн көрдім. Аталған картина Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді», деп жазды министр Facebook парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандықтар аталған мультфильмді таратуға тыйым салуды талап еткен петицияға қол қойды. Олар ЛГБТ өкілдерін көрсететін фильмнің Қазақстан кинотеатрларынан берілгеніне қарсы. Бұған дейін бұл мультфильмді Египет, Ирак, Сирия, Иордания, Сауд Арабиясы және Малайзия сынды елдерде көрсетуге тыйым салынған еді. Бұл фильмді көрсетуге жалпы 14 ел тыйым салды.