• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 14 Шілде, 2022

Қазақстанда аптап ыстық болады

675 рет
көрсетілді

Синоптиктер 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз. Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болып, батыста бұршақ жауады, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағандының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде ауа райы аптап ыстық.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +38+40°С.