• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Шілде, 2022

Алматыда түсті металл өңдеу цехы өртенді

377 рет
көрсетілді

Алматыдағы түсті металл өңдеу цехында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«15 шілде күні сағат 06:59-да Әуезов ауданы, Райымбек даңғылы, 348с-де орналасқан цех өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу аттанды», делінген қалалық ТЖД хабарламасында.

Белгілі болғандай, жалпы ауданы 150 ш.м. түсті металды қайта өңдеу цехында электр пештік трансформатор жанып кеткен.

Өрт 08:57-де ауыздықталды.