Кешке Шымкенттегі жеке меншік үйдің ауласында қайғылы оқиға орын алды. Бір жасар бала бассейнге батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«14 шілде күні сағат 22:00-де Қызылжар шағын ауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында 2021 жылы туған бала бассейнге құлап, батып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», делінген Шымкент ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, бала қараусыз қалған.