• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 15 Шілде, 2022

Демалыс күндері ауа райының қандай болатыны айтылды

222 рет
көрсетілді

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«16 шілдеде солтүстік-батыста, 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, демалыс күндері солтүстік-батыс антициклонының екпіні республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуына әсер етеді.

Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.