• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Шілде, 2022

Смайылов: Президент тапсырмаларын жедел әрі нәтижелі орындау қажет

536 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов барлық бірінші басшыларға Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған Президенттің тапсырмаларын орындаумен айналысуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Президенттің тапсырмаларын жедел әрі нәтижелі орындау қажет. Кеше Мемлекет басшысы біздің жұмысымызға қатысты өте маңызды сын айтты. Барлық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен квазимемлекеттік секторды жандандыру қажет», деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы барлық бірінші басшыларға Президент тапсырмаларының әрбір тармағын жеке бақылауға алуды тапсырды.

Оның айтуынша, жергілікті жерлерде азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін барлық жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда. Сондықтан министрлер мен әкімдер нақты өзара іс-қимылды жолға қойып, әрбір мәселені бірге пысықтауы қажет.