• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 15 Шілде, 2022

Брекешев киіктердің популяциясын зерттеуге қосымша қаржы сұрады

352 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі Серікқали Брекешев киік популяциясын тыңғылықты зерттеуге қаржы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Киік популяциясын реттеу туралы айтатын болсақ, кеше біз ғылым мен салалық қауымдастықтардың қатысуымен жиналыс өткізіп, ортақ бір шешімге келдік. Бірінші. Терең мониторинг жүргізіп, киік полпуляциясын тиімді реттеу үшін күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу қажет. Биыл Зоология институты Ғылым және жоғары білім министрлігіне осы тақырып бойынша зерттеулер жүргізу үшін өтінім берген еді. Өкінішке қарай, бұл жоба қабылданбады. Осыған байланысты, Әлихан Асханұлы, Ғылым және жоғары білім, Қаржы министрліктері осы зерттеулерді қаржыландыруды биылдан бастап қарастыруын сұраймыз», деді Серікқали Брекешев.

Сондай-ақ министр киіктен зардап шеккен шаруалардың мәселесін де назардан тыс қалдырмады.

«Аталған зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындысы шыққанға дейін шаруаларға келген залалды есептеу әдістемесі әзірленіп, өтемақы төлеу мәселесі пысықталады», деді ол.

Еске сала кетсек, кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы аталған ведомствоның жұмысына сын айтып, Серікқали Брекешевке сөгіс жариялаған еді.