• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Шілде, 2022

Елордада 7 жасар баланы көлік қағып кетті

230 рет
көрсетілді

Елордада көшеде велосипед теуіп жүрген 7 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 18:38-де орын алған.

«14 маусымда кешкі сағат 18:38-де «Hyundai Tucson» көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, велосипед теуіп жүрген 7 жастағы баланы қағып кетті. Бала жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген департамент ұсынған ақпаратта.