Ақпаратты Қостанай облыстық полиция департаменті растады. Ведомство мәліметінше, науқастар Жамбыл ауылында өзен жағалауынан табылды.
«Кеше таңғы 8:00 шамасында полицияның кезекші бөліміне Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығынан екі науқастың қашып кеткені туралы ақпарат түсті. Аталған факті бойынша полицияның барлық жасақтары бағдарланды. Іздеу шараларының нәтижесінде пациенттер бүгін сағат 9.00-де табылды. Олар өзен жағалауында болған», деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Ведомстовада атап өткендей, тұрғындар әлеуметтік желіде қашып кеткен науқастар ауыр қылмыс жасады деп таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды.