Қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әйелді ұрып-соғу дерегі анықталғанын хабарлады.
«Алматы қаласының Полиция департаменті бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. Жәбірленушінің танысы болып келетін күдікті ұсталды. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», деді ведомствоның баспасөз қызметі.