• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Шілде, 2022

Бүгін елімізде күн райы құбылмалы болады

207 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның солтүстік жартысында күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста түнде тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және орталығында күн жауын-шашынсыз болады.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.