Жаңа оқу жылында Семейде екі мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
«Биыл қыркүйек айында Шығыс кентінде 1200 орынға арналған мектеп, ал Степной ауылында 300 орындық білім ордасы ашылады», делінген хабарламада.
Әкімдік мәліметіне сәйкес, екі мектептің де құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Семейдегі мектептердің бірінің төбесі опырылып, төтенше жағдай жарияланған еді.