• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Шілде, 2022

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

366 рет
көрсетілді

Синоптиктер  алдағы үш күн, 19-21 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болады. 20 шілдеден бастап солтүстік-батыс циклон ойпаты мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Елдің батыс және оңтүстік-батысында, ал 20 шілдеден бастап орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығысында ауаның температурасы 40-45 градусқа дейін көтеріледі.