• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Шілде, 2022

Ақтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

200 рет
көрсетілді

ҚР Төтенше жағдай министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Ақтөбедегі газ құю бекетіндегі жарылыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеше Ақтөбе облысы Алға ауданындағы газ құю бекетінде цистерна жарылып, көлік пен әкімшілік ғимарат жанып кеткен еді.

«Сыйымдылығы 46 текше метр цистернаның жарылуынан шыққан өрт 22 шаршы метр алаңды шарпыған. Салдарынан Toyota Camry маркалы бір жеңіл автокөлік, бір жүк тиеу автотехникасы жанып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр», деді Нұрболат Дербісов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 292-бабының 1-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес, кінәлі адам 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазалануы мүмкін.