Аймақтар 18 Шілде, 2022

Жетісу облысында тұрғындардың жаппай судан уланғаны рас па?

231 рет
көрсетілді

Жетісу облысы Сарқан ауданы тұрғындарының судан жаппай уланғаны туралы ақпарат тарады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кейінгі зерттеулердің нәтижесі бойынша судың микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері санитарлық нормаға сәйкес келеді. Тұрғындар аудандық ауруханаға улану шағымымен жүгінбеген», делінген Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

Айта кетейік, аталған комитет қазақстандықтарды ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.