ПЕТРОПАВЛ. 30 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов стансасының бір тұрғыны өз үйінің қоймасын ақтарып жүріп, ерекше қаруға кезіккен. Бұл туралы Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тексере келгенде, бұл қарудың үй иесінің атасынан қалған мұра екені анықталды. Кезінде Ұлы Отан соғысына қатысып қайтқан майдангер оны көп жыл бойы жасырын сақтап келген екен. Сапер күрегіне ұқсас әмбебеп қаруды миноатқышқа айналдыру оп-оңай көрінеді. Марқұмның немересі енді аяқ астына табылған осы қымбат жәдігерді жергілікті құқық қорғау органдарына тапсырып, баллистикалық сараптама нәтижесін күтіп отыр. Ал миноатқыштың нақты құны шығарылса, мұра иесінің қаншалықты қаражат алатыны да белгілі болады.
Өмір Есқали.
Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі.
Фото: www.bratishka.ru.